Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы Білім бөлімінің “№24 мектеп-интернаты”КММ-де Ауған соғысының ардагері М. Ж Аязбаевпен тағылымды кездесу өтті. Мақсаты: Ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсету, тарихты құрметтеу және жас ұрпақты отансүйгіштікке патриоттыққа тәрбиелеу. 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан толық шығарылған күні. Бұл күн ерлік пен тағдырдың, қайсарлық пен сабырдың символы. Кездесу барысында М.Ж Аязбаев оқушыларға соғыстың шындығын, тарихи маңызын, бейбітшілік пен патриотизмнің құндылығын жеткізді. Ауған соғысының ауыр кезеңдерін, соғыс жағдайында әскери дайындықтың маңызын және бейбіт өмірдің қадірін түсіндіріп жеткізді. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Ардагерлердің өмір жолы бүгінгі ұрпақ үшін үлкен өнеге. Олардың батырлығы ешқашан ұмытылмайды.Кездесу соңында оқушылар ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсеткен ардагерге ризашылықтарын білдірді.

KZ
