Skip to content

Ата-аналарға

2026 жылғы 05 мамыр күні 5 «А» сыныбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс тақырыбы: «Қауіпсіз жаз — жарқын демалыс кепілі». Жиналыста оқушылардың оқу үлгерімі талқыланып, алда 4 тоқсан нәтижесіне аса назарда ұстау керектігін, балалардың оқуына бақылауды күшейту ұсынылды.
Сонымен қатар, жазғы демалысты тиімділігі, балалардың қауіпсіздігін сақтау (су, жол, интернет қауіпсіздігі) мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар алда қазақ тілі пәнінен аралық емтихан туралы ақпарат беріліп, дайындық жұмыстары бойынша ұсыныстар айтылды. Жиналыс соңында ата-аналар сұрақтарына жауап берілді.

Мамыр айының 4-күні 11 “А” сыныбында “Адал ұрпақ, әділетті қоғам” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: • Оқушыларға адалдық пен әділдік ұғымдарын түсіндіру;

  • Адал болудың адам өмірі мен қоғам үшін маңызын ұғындыру;
  • Сыни ойлауды және мінез-құлық мәдениетін дамыту. Негізгі идея – қоғамдағы әділдікті орнату әрбір азаматтың ішкі адалдығынан, заңға құрметінен және жауапкершілігінен басталады. Оқушылар әр түрлі қойылған сұрақтарға нақты, шынайы жауап берді. Жағдаяттардан шығу жолдарын да ұсынды. Қорыта келе айтарым, адал ұрпақ тәрбиелеу – болашаққа салынған ең сенімді инвестиция. Егер жас ұрпақ жастайынан әділдікті ту етіп өссе, мемлекетте береке-бірлік пен прогресс орнайды.