Skip to content

Бос орын

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№ 24 мектеп-интернаты» КММ- сінде (оқыту тілі – аралас) педагогтерді бос лауазымға тағайындауға конкурс жариялаймыз:

Қарағанды облысы білім басқармасының  Балқаш қаласы білім бөлімінің   

«№ 24 мектеп-интернаты» КММ- сінде (оқыту тілі – аралас) педагогтерді бос лауазымға тағайындауға конкурс жариялаймыз:

Тұрақты жұмыс қамту түрімен 

1. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық – 1 ст

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:

Қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жолдайды:

1) Нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

 наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог, педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) Нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Орналасқан жері: Балқаш қаласы,  Заслонов көшесі, 1

Индекс:100300

Электрондық пошта: school24balkhash@mail.ru

Телефон: 8 (71036) 9-20-63, 92219

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.