Skip to content

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған көрме

02.03.2026 күні Ә.Бөкейханов атындағы № 15 лицейдің спорт залында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған көрме өтті. Іс шараға мектебіміздің 8а,8ә сынып оқушылары барып тамашалап қайтты.Көрменің басты мақсаты халыққа төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіп-қатер кезінде дұрыс әрекет ету және жеке қауіпсіздікті сақтау жолдарын үйрету. Мұндай шаралар оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және қоғамның төтенше жағдайларға дайындығын арттыруға зор үлес қосады.Іс шара оқушыларға қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын меңгеруге үлкен әсер қалдырды.