Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “№24 мектеп-интернаты” КММ- де 10.03.2026 күні Төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және оқушылардың өмірлік қауіпсіздік туралы білімін арттыру мақсатында мектеп оқушыларымен Балқаш қаласының төтенше жағдайлар басқармасының аға офицері майор Сатбаев Бауыржан Бейбитханович және ТМСП Балхаш старшый фельдшер Құрбанбаев Жандарбек Мэлсұлымен танымдық кездесу өтті.
Кездесу барысында мамандар оқушыларға төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары түсіндіріліп, қауіпсіздік талаптарын сақтау әр адамның өмірін сақтауда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.
Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілік сезімін арттыруға және төтенше жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын дамытуға зор ықпал етеді.
KZ
