Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “№ 24 мектеп-интернаты” КММ- інде Ұлттық кітап күні қарсаңында 16 сәуір күні “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының “Балалар кітапханасы” жобасы аясында 5-6 сыныптарда «Қазіргі қазақ балалар жазушылары» тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды көркем әдебиетке жақын болуға баулу, кітап оқуға үндеу. Адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру. «Кітап – білім бұлағы, ал білім — өмір шырағы» деген нақыл сөздің өмірден алар орнын бағындырар белестерін оқырман бойына сіңдіру. Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Ол – мәңгілікке сапар шеккен ақыл ескерткіші. Ұлы жазушы М.Әуезов былай деген: «Кітап – әр адамның өмірлік досы» ендеше, кітап – білімді қару, сондықтан еліміздің озық та өнерлі өкілі болайық!
#Ұлттықкітапкүні2026и#НациональныйДеньКниги2026

KZ
