Skip to content

ББЖМ

ББЖМ — Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі, бұл Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (МЖМБС) талаптарына сәйкес оқушылардың білім сапасын бағалаудың негізгі құралы.
ББЖМ-нің мақсаты — 4 және 9-сынып оқушыларының келесі бағыттар бойынша сауаттылық деңгейін объективті және тәуелсіз бағалауды қамтамасыз ету:
• Оқу сауаттылығы,
• Математикалық сауаттылық,
• Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық.
ББЖМ оқу бағдарламаларының тиімділігін бағалауға, оқу процесінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға және білім сапасын арттырудың жолдарын ұсынуға мүмкіндік береді.
ББЖМ-ға дайындық аясында Қарағанды облысы білім басқрамасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ директоры Мусина Альмира Калкаманаовна және әкімшілік мүшелері 4,9 сынып оқушыларына бағалау шеңбері және тест ерекшеліктері, тест сұрақтары, цифрлық платформада өткізу, тестілеу компьютерлік форматта, әкімшілерге арналған стандартталған сценарийлерді қолдану арқылы жүргізілетін туралы ақпарат берді.