Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ –де Есірткіге қарсы күрес және есірткінің заңсыз айналымына қарсы халықаралық іс-шаралар аясында мектеп жанындағы «Этноауыл» балалар демалыс орталығының балаларымен «Спорт есірткіге қарсы» тақырыбында ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытты тиімді ұйымдастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.Шара барысында қатысушылар арқан тартыс, асық ату және тоғызқұмалақ ойындары бойынша өзара бақ сынасты. Ойындарға қатысушылар белсенділік танытып, ептілік, күш-жігер және логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.Іс-шара жастарды достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеп, спортқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

KZ
