Skip to content

ББЖМ

ББЖМ — Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі, бұл Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (МЖМБС) талаптарына сәйкес оқушылардың білім сапасын бағалаудың негізгі құралы.
ББЖМ-нің мақсаты — 4 және 9-сынып оқушыларының келесі бағыттар бойынша сауаттылық деңгейін объективті және тәуелсіз бағалауды қамтамасыз ету:
• Оқу сауаттылығы,
• Математикалық сауаттылық,
• Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық.
ББЖМ оқу бағдарламаларының тиімділігін бағалауға, оқу процесінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға және білім сапасын арттырудың жолдарын ұсынуға мүмкіндік береді.
ББЖМ-ға дайындық аясында тәлімгерлік көмек көрсетіп «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» Иманбекова Бақтыгул Буркитбаевна математика пәнінен, “№10 жалпы білім беретін мектебі” Садвокасова Мейрамгуль Узбаевна математика пәнінен 9 сынып оқушыларына қосымша сабақ өткізді.
Негізгі жұмыс бағыттары: күрделі тақырыптарды талдау, формауларды тиімді пайдалану әдістері.