Skip to content

Дені саудың-жаны сау

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы Білім бөлімінің “№24 мектеп-интернаты”КММ-де мектепішілік «Дені саудың-жаны сау» атты дене шынықтыру апталығы аясында 5-6,7-8,-9 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, спортқа деген қызығушылығын арттыру және сыныптар арасындағы достықты нығайту.
Жарыс мектептің спорт залында өткізілді. Әр сыныптан құралған командалар өзара бақ сынасты. Ойын 6 командадан құралды. Оқушылар ұйымшылдық пен шапшаңдық танытып, тартысты ойын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар анықталып, жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
🥇1 орын 8 ә сыныбы 🥈2 орын 6-7 сныптан құрылған қыздар командасы 🥉3орын 9а сыныбы 🥉3 орын 6-7 сыныптын құрылған ұлдар командасы
Бұл спорттық шара оқушылардың белсенділігін арттырып, жағымды көңіл күй сыйлады.