Skip to content

Дүниежүзілік денсаулық күні

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “№ 24 мектеп-интернаты” КММ-інде 7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектебіміздің медбикесі А.К Бажбенова Денсаулықтың маңызы туралы, аурулардың алдын алу, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын ұстану тақырыптарында дәріс өтті. Дәріс барысында адам денсаулығын сақтаудың негізгі жолдары түсіндірілді. Аурулардың алдын алу үшін жеке гигиенаны сақтау, уақытылы медициналық тексеруден өту, зиянды әдеттерден аулақ болу қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, дұрыс тамақтанудың маңызына ерекше назар аударылып, күнделікті ас мәзірінде дәрумендерге бай тағамдарды қолдану ұсынылды. Белсенді өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану және таза ауада серуендеу денсаулықты нығайтудың маңызды бөлігі екені атап өтілді.