Skip to content

Ерте жүктіліктің алдын алу және қыз бала гигиенасы» тақырыбында ашық әңгіме

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-де сәуір айының 21-і күні «Ерте жүктіліктің алдын алу және қыз бала гигиенасы» тақырыбында ашық әңгіме ұйымдастырылды. Іс-шараға мектептің қыз балалары, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күресу орталығының Балқаш қаласы бойынша бөлімінің эпидемиолог көмекшісі Досмаганбетова Мадина Рымкановна қатысып, жасөспірімдермен маңызды әрі өзекті тақырыптар төңірегінде еркін форматта пікір алмасты. Кездесу барысында қыз балаларға жеке бас гигиенасын сақтау, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау, сондай-ақ психологиялық және физиологиялық өзгерістер кезеңінде өз-өзіне дұрыс күтім жасау мәселелері жан-жақты түсіндірілді.Сонымен қатар, ерте жыныстық қатынастың жасөспірімдердің психологиялық және физикалық дамуына тигізетін кері әсері, ерте жүктіліктің әлеуметтік және медициналық салдары туралы нақты мысалдар арқылы кеңінен ақпарат берілді. Әсіресе, қыз балалардың өз денсаулығын қорғаудағы саналы таңдауы мен қауіпсіз мінез-құлық қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.Іс-шараның мақсаты: қыз балалардың репродуктивті денсаулық туралы білім деңгейін арттыру, жеке бас гигиенасы мәдениетін қалыптастыру, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ олардың өзін-өзі құрметтеу, жауапкершілік пен дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамыту. Ашық әңгіме соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасып, пайдалы кеңестер алды.#Адал_азамат