Есірткіге қарсы күрес және есірткінің заңсыз айналымына қарсы халықаралық іс-шаралар аясында мектеп жанындағы «Этноауыл» балалар демалыс орталығының балаларымен «Салауатты өмір – жарқын болашақ» тақырыбында мектеп медбикесі А.К Бажбеновамен кездесу ұйымдастырылды.Балаларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Есірткінің адам ағзасына тигізетін зияны, оның денсаулыққа, психологиялық жағдайға және қоғамдағы өмірге кері әсері туралы айтылды. Сонымен қатар, зиянды әдеттердің алдын алу, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану және бос уақытты тиімді пайдалану мәселелері айтылды.
Мектеп медбикесі оқушыларды өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын таңдауға шақырды. Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.

KZ
