Skip to content

«Этноауыл» балалар демалыс орталығы

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ жанындағы «Этноауыл» балалар демалыс орталығында жазғы маусым өз жұмысын жалғастыруда.
Бүгін орталыққа Балқаш қаласының №2 Русаков атындағы мектеп-интернатының балалары келді. Жоспарға сәйкес балалар ұлттық қолөнер бағытындағы қызықты іс-шараларға қатысты. Балалар доп тігу, лекал сызу жұмыстарын орындап, қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен танысты. Сонымен қатар, ою-өрнек салу арқылы өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамытып, халқымыздың бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Іс-шара барысында балалар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа және өнерге деген қызығушылықтарын арттырды. Уақыттарын тиімді әрі пайдалы өткізіп, көтеріңкі көңіл-күймен әсерлі күн өткізді.