Skip to content

«Этноауыл» балалар демалыс орталығы

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ жанындағы «Этноауыл» балалар демалыс орталығында жазғы маусым өз жұмысын жалғастыруда. Бүгін орталыққа Балқаш қаласының №2 Абай атындағы мектебінің оқушылары келіп, ұлттық құндылықтармен танысты. Іс-шара барысында оқушылар қазақтың ұлттық тағамдарының бірі – жент жасаудың қыр-сырын үйренді. Балалар жент дайындау тәсілімен танысып, оның құрамына кіретін өнімдер туралы мәлімет алды. Тәжірибелік бөлімде оқушылар жент жасап көріп, ұлттық тағамның дәмін татты. Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық ойындары (арқантартыс,тоғызқұмалақ,қанталапай,асық ату) ойындарын ойнап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған әсерлі күн өткізді. «Этноауыл» балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған жұмыстарын жалғастыруда.