Skip to content

“Этноауыл” балалар демалыс орталығының ашылу салтанаты

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ 01.06 күні 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған “Этноауыл” балалар демалыс орталығының ашылу салтанаты өтті. Мақсаты: Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізуіне жағдай жасау, ұлттық салт-дәстүрлерді таныту және патриоттық тәрбие беру. Мұнда балалар қазақ халқының мәдениетімен жақынырақ танысып, ұлттық ойындарға қатысып, қолөнер мен өнердің қыр-сырын меңгереді.Ашылу салтанатында ұлттық әндер шырқалып, мың бұралған биші қыздарымыздың әсем билері мерекенің сәнін келтіріп, балаларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Этноауыл” – ұлттық мұраны жас ұрпақтың бойына сіңіріп, олардың рухани дамуына ықпал ететін тәрбиелік маңызы зор демалыс алаңы. Демалу орталығы балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жаңа достар тауып, пайдалы білім алуға мүмкіндік береді. 🌿🏕️