Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “№ 24 мектеп-интернаты” КММ-інде кітап оқу мәдениетін дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында “Кітап оқитын ұлт” жобасы байқауының “Кітап оқитын мектеп” санаты бойынша 6 – шы сәуір күні мектепішілік кезеңі өткізілді. Осы жобаға мектебіміздің оқушылары қатысып, жоба ережесіне сәйкес тест сұрақтарына жауап берді. Тестілеу нәтижесінде мектебіміздің 7 А сынып оқушысы Болат Аделина жүлделі 2 орынмен марапатталды. 8 А сынып оқушысы Орымбай Аяжан мен 7 А сынып оқушысы Берік Ажар осы сайысқа қатысқандары үшін сертификат табысталды. #Адал_азамат

KZ
