Skip to content

Космонавтика күні: Адамзаттың жұлдыздарға жолы

Қарағанды облысы Балқаш қаласы білім бөлімінің “№24 мектеп-интернаты” КММ 13.04.2026 күні әдеттегідей таңғы жиын өтті. Таңғы жиын барысында оқушылар сапқа тұрғызылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Өткен аптаның кезекті сыныптары 6а, 8а оқушылары қауіпсіздік ережелері және мектеп ішкі тәртібі туралы қысқаша ақпарат берді. «Космонавтика күні: Адамзаттың жұлдыздарға жолы» құндылығына сәйкес сынып сағаты өтті🚀 Космонавтика күні – адамзаттың ғарышқа жасаған алғашқы қадамының символы! Бұл күн – батылдықтың, ғылымның және шексіз мүмкіндіктердің мерекесі. Адам баласы Жерден шығып, жұлдыздарға жол салды #адал_азамат