Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ 01.06 күні 5-8 сыныптарда «Оқу алаңы» ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың жазғы демалыс кезеңінде бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың логикалық ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын және практикалық дағдыларын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру. Оқу алаңы жоспарға сәйкес өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар логикалық, танымдық және практикалық бағыттағы сабақтарға белсенді қатысты. Әртүрлі ойындар, тапсырмалар мен тәжірибелік жұмыстар арқылы олардың ойлау қабілеттері дамытылып, жаңа білім мен дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік жасалды. Оқушылар сабақтарға қызығушылық танытып, топтық жұмыстарға белсенді араласты. Нәтижесінде қатысушылардың шығармашылық және зияткерлік белсенділігі артып, бос уақыттарын пайдалы әрі мазмұнды өткізді.

KZ
