Этнолагерь аясында ұйымдастырылған «Өмірді таңда» байқауы балалар үшін танымға, шығармашылыққа және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге толы ерекше алаң болды. Қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, сурет салу мен қыштан бұйым жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін шыңдады.
Шеберлік сабақтары барысында балалар халқымыздың қолөнер дәстүрлерімен танысып, ұлттық мұраны дәріптеудің маңызын түсінді. Әр жұмысқа жауапкершілікпен қарап, қиялдары мен талғамдарын ұштастыра білді.
Өмірді таңдау – білімді, өнерді, еңбекті және жарқын болашақты таңдау! #ӨмірдіТаңда #Этнолагерь #Шығармашылық #ҰлттықҚұндылықтар #БалаларДамуы #ЖазғыЛагерь

KZ
