Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ 09.04 күні «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық күні өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп аумағын таза ұстау, табиғатты қорғау және оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.Тазалық жұмыстарына оқушылар белсенді қатысты. Олар мектеп ауласын қоқыстан тазалап, айналаны ретке келтірді. Бұл шара оқушыларды тазалық сақтауға, табиғатты аялауға және жауапкершілікке үйретеді. Осындай пайдалы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

KZ
