Қарағанды облысы білім басқармасының №24 мектеп-интернатындағы жазғы балалар демалыс орталығының бүгінгі қызықты сәттері.
Бүгін балаларымыз таңғы сағат 09:00-де жазғы балалар демалыс орталығына көтеріңкі көңіл-күймен жиналды. Күнді таңғы жаттығумен бастап, бой сергітіп алдық. Одан кейін оқу сауаттылығын дамытуға арналған жұмыстар жүргізіліп, балалар кітап оқып, түрлі тапсырмалар орындады.
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында қызықты ойындар ойнатылып, көңілді билер биленді. Спорттық жарыстарға қатысып, өздерінің ептілігі мен жылдамдықтарын көрсетті. Әр бала белсенділік танытып, жақсы көңіл-күй сыйлады.
Күн соңында балалар жаңа әсер алып, көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне тарқасты. Жазғы балалар демалыс орталығындағы әр күніміз қызықты әрі пайдалы өтуде!
#№24МектепИнтернаты #ЖазғыБалаларДемалысОрталығы #БалаларДемалысы #КөңілдіКүн #БақыттыБалалықШақ #ЖазғыДемалыс #БелсендіБалалар #ТиімдіДемалыс
KZ
