Ағылшын тілі пәні бойынша ақпарат
2026 жылғы жазғы оқыту алаңы барысында ағылшын тілі пәнінен оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі танымдық және шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылды. Сабақтар ойын элементтері, топтық жұмыстар, диалогтер, викториналар және интерактивті тапсырмалар арқылы өткізілді.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде еркін қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыру, сөздік қорын молайту және пәнге деген қызығушылығын арттыру болды. Оқушылар «My Summer Holiday», «Healthy Lifestyle», «Travelling Around the World», «English Speaking Countries» тақырыптары бойынша жұмыстар орындады.
Сабақ барысында оқушылар:
жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерді;
сөйлеу және тыңдалым дағдыларын дамытты;
жұптық және топтық жұмыстарға белсенді қатысты.
KZ
