Балқаш қаласының спортшысы каратэден өткен республикалық жарыста бірінші орын иеленді. Нияз Әмірбеков бұл спорт түрімен бір жарым жылдан бері айналысып келеді. Жас спортшының айтуынша, каратэде – тәртіп, сабырлық пен табандылық ерекше рөл атқарады.
НИЯЗ ӘМІРБЕКОВ – республикалық жарыстың жеңімпазы
Жарыс Астанада өтті. Оған облыстар мен қалалардан шамамен 1400 қатысушы келді.
Нияз алғашқы жеңіске жету жолы табандылық, еңбек, жігер және үздіксіз шынығуда екенін айтуда. Алғашқы жарыстардағы сәтсіздіктерден кейін спортты тастау туралы да ойлаған. Алайда шыдамдылық пен табандылықтың арқасында жаттығуын тоқтатпай, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Спортшының сөзінше, жеңіске жетуге жарыс алдындағы үш күндік оқу-жаттығу жиындары да үлкен әсерін тигізген.

KZ
