Skip to content

«ЖИТС, АИТВ» тақырыбында танымдық кездесу

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-де 21 сәуір күні Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күресу орталығының Балқаш қаласы бойынша бөлімінің эпидемиолог көмекшісі Досмаганбетова Мадина Рымкановнамен 8–9 сынып оқушылары арасында «ЖИТС, АИТВ» тақырыбында танымдық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға АИТВ/ЖИТС инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу шаралары, жеке бас гигиенасы мен жауапты мінез-құлықтың маңыздылығы туралы жан-жақты түсіндірілді,оның алдын алу жолдары және репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері кеңінен қозғалды. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру, АИТВ/ЖИТС туралы дұрыс әрі сенімді ақпарат беру арқылы олардың сауаттылық деңгейін көтеру, қауіпті жағдайлардан сақтану дағдыларын қалыптастыру, алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың саналы, салауатты өмір салтын ұстануына бағыт-бағдар беріп, олардың болашақтағы дұрыс таңдау жасауына ықпал етеді.#Адал_азамат