Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “№24 мектеп-интернаты” КММ-де 25.11 күні мектеп оқушыларымен мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Балқаш қ. ІІБ ЮПІ полиция капитаны Қорабаев Н.А кездесу өткізді. Кездесу барысында зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында балаларға дәріс оқылып, кеңестер айтылды. Мектептегі оқушылар арасынан зорлық-зомбылықты анықтау мақсатында анонимдік сауалнама алынды.
Мақсаты: зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту.
Адамның ең басты құндылығы – оның бостандығы екенін, азаматтық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғау туралы үйрету.
Зорлық-зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.
Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
#Адал_азамат

KZ
